Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (19-1, 14 КО) ұзақ уақыттан кейін рингке қайта оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 14 желтоқсанда Коста-Месада (Калифорния, АҚШ) өтеді деп жоспарланған. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Ахмедов кейінгі жекпе-жегін 2022 жылы қыркүйекте Лас-Вегаста өткізді. Онда америкалық боксшы Габриэль Росадоны (26-17-1, 15 КО) жеңіп, IBF North American және WBC Silver белбеуіне ие болған.