Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Словениядан жеңіліп қалды, деп жазады Prosports.kz.

Словенияның Любляна қаласындағы кездесу 2:1 есебімен жергілікті құраманың пайдасына аяқталды. Бірінші таймда Бундеслигада доп тебетін Беньямин Шешко пенальтиден гол соқты. Екінші тайм басында Рамазан Оразов мергендік танытып, таразы басын теңестірді. Өкінішке қарай, қосалқы құрамнан шыққан Беньямин Вербич жеңісті голды соғып кетті.

Осылайша Словения құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды. Ал, іріктеу кезеңдерінде тұңғыш рет 18 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы үшінші орынды Финляндиямен бөлісті.

Қазақстан құрамасы Германия жерінде өтетін доп додасына Ұлттар лигасы арқылы жолдама алуға тырысады.

Словения - Казахстан 2:1 (0:0)

Гол соққандар: Шешко пенальти 41 (1:0), Оразов 48 (1:1), Вербич 86 (2:1).