Француздық қорғаушы Бенджамин Менди «Манчестер Ситиден» миллиондаған фунт стерлинг алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sky Sports хабарлауынша, бұрынғы Сити ойыншысы Еңбек сотына шағым түсірген. Менди 2021 жылы қыз зорлады деп айыпталғаннан кейін жасалған «жалақыдан рұқсат етілмеген аударымдар» үшін өтемақы талап етеді. Биыл француз барлық баптар бойынша кінәлі емес деп танылды.

Ойыншы 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейінгі кезеңді қамтитын «бірнеше миллион долларлық» сотқа шағым түсірді. Осы уақыт ішінде ол ағылшындық клубпен келісім шарт жасаса да, жалақы алмаған.

Айта кетейік, футболшы қазір француздық «Лорьен» клубында өнер көрсетеді.