Қазақстан құрамасы мен «Ақтөбе» вингері Максим Самородовқа австриялық «Рапид» пен италиялық «Торино» көз тігіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі JAY Sport телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Бүгін Словения мен Қазақстан арасындағы матчта австриялық «Рапид» пен италиялық «Торино» өкілдері келеді.

Селекционерлердің бар назары «Ақтөбе» шабуылшысы Максим Самородовта болады.

Бұған дейін 21 жастағы футболшыға австриялық клуб қызығушылық танытқаны хабарланған. Сондай-ақ оған көз тіккендер қатарында түркиялық «Трабзонспор» бар», - деп жазды дереккөз.