Бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sports.ru мәліметі бойынша, бразилиялық Яго Рибейроға қарсы кездесу өтпейді, себебі ол көзіне ота жасатқан. Енді Жалғас оның орнына жапониялық Масато Накамурамен (9-7) күш сынасады.

Накамура жекпе-жектерінің көбін Жапониядағы ең мықты лигалардың бірі DEEP-те өткізді. Ол 2023 жылы үш рет жеңіске жетті, екеуін мерзімінен бұрын аяқтады.