Бүгін 21 қарашаға қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчты тікелей эфирде Qazsport пен Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Ойын 01:45-те басталады.

Uefa.com сайты біздің топтағы жағдайға тоқталды:

• Дания негізгі кезеңге шықты.

• Словения Қазақстаннан жеңілмесе, негізгі кезеңге шығады.

• Қазақстан Словенияны жеңсе, негізгі кезеңге шығады.

• Финляндия топ-2 тізіміне кіре алмайды және өтпелі матчтарға қатысады.

• Солтүстік Ирландия топ-2 тізіміне кіре алмайды.

• Сан-Марино топ-2 тізіміне кіре алмайды.