Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров Словенияға қарсы матч алдында пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біздің негізгі мақсатымыз - Словенияны жеңіп, Еуроға шығу. Әр ойыншы алаңда барын салады. Бұл ойынға дайынбыз және қолымыздан не келетінін көрсетеміз. Словениялықтарды таңғалдыруға, қазақстандықтарды қуантуға дайынбыз», – деді Қайыров.

Айта кетейік, 21 қарашаға қараған түні 01:45-те Қазақстан құрамасы Люблянада Словениямен кездеседі.