Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров алдағы ЕУРО-2024 іріктеу аясындағы Словенияға қарсы ойынға қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бағдат Қайыров Сан-Мариноға қарсы ойында (3:1) алған жарақатына байланысты матчқа қатыспайды.

Айта кетейік, Словенияға қарсы ойын бүгін Астана уақытымен 01:45-те Люблянадағы «Стожице» стадионында өтеді.