Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Словенияға қарсы ойын қарсаңында ұлттық құрамаға жарақат алған футболшылардың келуі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз бәріміз біргеміз, отбасымыз жиналды. Қазір командада Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан және Михаил Габышев бар.

Өкінішке орай, Бактиер қазір арамызда жоқ. «Бешикташ» дәрігерлері оның ұшуға қарсы екенін растады», - деді, жаттықтырушы.

Айта кетейік, Тағыберген, Зайнутдинов, Исламхан және Габышев жарақатына байланысты кездесуге қатыспайды.