Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберді Мексикада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

81 келі шекті санаттағы турнирде Емберді 336 (145+191) келі нәтижемен жеңіске жетті.

Әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юлия Трошкина қоссайыс бойынша 150 (70+80) келіге жетіп, 10-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Мексикадағы әлем чемпионаты 23 қарашада аяқталады. Турнирге 44 елден 229 спортшы қатысып жатыр.