Қазақстандық файтер Бекзат Жасия Қаскелеңде өткен Alash Pride FC 91 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жасия ресейлік Давид Джибиловпен кездесті. Бес раундтық жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық титул сарапқа салынды. Кездесуде төрешілердің бірауызды шешімімен ресейлік файтер жеңіске жетті.

Чемпиондық белбеу қазақстандық Рауан Бекболатқа тиесілі болатын, ол жарақатына байланысты титулын қорғаудан бас тартты.

Айта кетейік, қазақстандық файтер кейінгі жекпе-жегін Alash Pride FC 88 турнирінде өткізді, онда бразилиялық Эдуардо Кастроны төрешілер шешімімен жеңген болатын.