"Ливерпуль" мен Англияның бұрынғы жартылай қорғаушысы Стивен Джеррард футбол тарихындағы ең мықты ойыншыны атады.

"Менің ойымша, Криштиану – тарихтағы ең мықты ойыншы. Ол әлі де футболға көп нәрсе бере алады.

Алты ай бойы Роналдудың ойынын, нәтижелерін бақылап жүрмін, матчтардың шолуларын көрдім. Роналду келгеннен кейін басқа да ірі трансферттер болды. Талантты ойыншылар мен шеберлер осы чемпионаттағы командаларға қосылды", – деді Джеррард Сауд Арабиясы чемпионатының ресми сайтына.