19 қарашада Туринде кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) қорытынды чемпионаты аяқталады. Zakon.kz финалдық матчтардың кестесін ұсынады.

Жұптық сын

Марсель Гранольерс/Орасио Себальос (Испания/Аргентина, 5) – Раджив Рам/Джо Солсбери (США, Великобритания, 6) – кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Жекелей сын

Янник Синнер (Италия, 4) – Новак Джокович (Сербия, 1) – матч Астана уақытымен 23:00-де басталады.

Финалистер бұған дейін төрт рет ойнаған, оның үшеуінде Джокович, тек біреуінде Синнер жеңген.

Биылғы турнирдің жүлде қоры рекордтық 15 миллион долларға жетіп отыр.