Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Астанада өтіп жатқан Қазақстан спартакиадасының финалында сәтті өнер көрсетті.

Шымкент қаласының намысын қорғаған Махмұд финалда Оразбек Асылқұловпен (Ақмола облысы) кездесіп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Осылайша, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан М. Сабырхан спартакиада чемпионы атанса, Оразбек Асылқұлов күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Махмұд биыл Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.