Қырғызстандық файтер Мықтыбек Оролбай уулу UFC арасындағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Промоушен турнирі Лас-Вегаста өтті. Қырғызстандықтың қарсыласы сербиялық Урос Медич болды. Оролбай уулу екінші раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Айта кетейік, Мықтыбек бұл жекпе-жекті турнирден бірнеше күн бұрын қабылдаған болатын.