Армения құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінде Уэльспен өз алаңында 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астананың» қорғаушылары Вараздат Ароян мен Камо Оганесян бұл кездесуге Армения құрамасының сапында болды. Ароян ойынды бастап, 90 минут бойы ойнады, сары қағаз алды, ал Оганесян бүкіл ойын бойы қосалқы орындықта отырды.

Уэльспен тең ойыннан кейін Армения Еуро-2024 финалына шығудың математикалық мүмкіндігінен ресми түрде айырылды.

Тоғызыншы турдан кейін 8 ұпай жинаған Александр Петраковтың командасы «D» тобында төртінші орын алды.

Армяндар 21 қарашадан 22 қарашаға қараған түні Астана уақытымен 01:45-те Хорватия құрамасымен соңғы іріктеу кездесуін өткізеді.