Алматыда аралас жекпе-жектен Octagon 52 52 турнирінің бас жекпе-жегінде қазақстандық файтер Аян Тұрсын (4-0) ресейлік Марина Шутовамен (5-2-1) жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу бәске тігілді. Бес раундқа жоспарланған шайқастың қорытындысы бойынша Аян жеңіске жетті.

Осылайша, Аян Тұрсын кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп, бос тұрған чемпиондық белбеуді иеленсе, Марина Шутова үшінші рет жеңіліске ұшырады.