Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 52 аралас жекпе-жек кеші аясында Еркін Дәрменов жұдырықтасты, деп жазады Prosports.kz

Ол 23 жастағы ресейлік Хамзат Чапановпен (13-3) кездесіп, жеңіліс тапты. Екінші минутта ресейлік спортшының жасаған әдісінен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Алайда Еркін Дәрменов төрешінің шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.

Негізгі жекпе-жекте қазақстандық UFC-ге үміткер файтер Бекзат Алмахан (16-1) 29 жастағы бразилиялық Ян Ферразбен (15-5) кездеседі. Бұл жекпе-жекті әлемнің ең үздік лигасының матчмейкерлері бақылайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 52 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink