Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 52 аралас жекпе-жек кеші аясында ұйымның бұрынғы чемпионы октагонға оралды, деп жазады Prosports.kz

Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (10-1) кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін бразилиялық Эдсон Амориммен (9-4-1) кездесіп, үшінші раундта жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.

Негізгі жекпе-жекте қазақстандық UFC-ге үміткер файтер Бекзат Алмахан (16-1) 29 жастағы бразилиялық Ян Ферразбен (15-5) кездеседі. Бұл жекпе-жекті әлемнің ең үздік лигасының матчмейкерлері бақылайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 52 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink