Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 52 аралас жекпе-жек кеші аясында турнирдің бастапқы кардының қорытынды жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.
Негізгі жекпе-жекте қазақстандық UFC-ге үміткер файтер Бекзат Алмахан (16-1) 29 жастағы бразилиялық Ян Ферразбен (15-5) кездеседі. Бұл жекпе-жекті әлемнің ең үздік лигасының матчмейкерлері бақылайды.
Дамир «қазақ сехудосы» Төленов (10-1) кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін бразилиялық Эдсон Амориммен (9-4-1) кездеседі. Сондай-ақ Нұржан «бизон» Ақышев (15-4) келесі кездесуін өткізеді.
Комментарии