Өзбекстан астанасында өткен кәсіпқой бокс кешінен соң қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жекті кіммен өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Кеше Ташкенттегі Humo Arena-да ауқымды кәсіпқой бокс кеші өтті. Онда отандасымыз Чили өкілі Хулио Аламоспен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Бұл Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіпқой мансабындағы жиырмасыншы жекпе-жегі. Айта кетейік, ол осы кезге дейінгі кездесулердің барлығын жеңіспен аяқтады.

«Жекпе-жекке аз уақыт қалғанда қарсылас өзгерді. Тиісінше, кездесу қиын болды. Менде дайындықтың барлығы неміс боксшысына болды. Қиындықтардың болғаны жекпе-жекте де көрінді. Қарсыласты зерттеу үшін уақыт аз болды. Өзім шаршы алаңға нокаутқа түсіремін деп шықпаймын. Ол бір ұтымды сәт. Дегенмен бұл кездесуде оның орайы болмады», - деді Kazinform тілшісінің сауалына жауап берген М.Нұрсұлтанов.