Ташкентте өткен кәсіпқой бокс кеші аясында WBC президенті Маурисио Сулейман қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Мен Жәнібек Әлімханұлын білемін. Ол мықты боксшы. Мүмкін Жәнібек Джермалл Чарломен (WBC тұжырымдамасында орта салмақ бойынша қазіргі чемпион авт.) кездесіп қалар.

Бокста GGG салған сара жолды жалғау үшін былғары қолғап шеберлерінің жаңа легі келері сөзсіз. Өйткені, Қазақстанда бокс өте жақсы дамыған», - деді Kazinform тілшісінің сауалына жауап берген Маурисио Сулейман.