Алматыда басталған аралас жекпе-жектен OCTAGON 52 турнирінде прелим-кард жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай жеңіл салмақта ресейлік Эрднь Убушиев (2-1) мен қазақстандық Абылай Мақсұтпен (1-0) кездесті.

Жекпе-жекте қазақстандық файтер мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.

Негізгі жекпе-жекте қазақстандық UFC-ге үміткер файтер Бекзат Алмахан (16-1) 29 жастағы бразилиялық Ян Ферразбен (15-5) кездеседі. Бұл жекпе-жекті әлемнің ең үздік лигасының матчмейкерлері бақылайды.

Дамир «қазақ сехудосы» Төленов (10-1) кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін бразилиялық Эдсон Амориммен (9-4-1) кездеседі. Сондай-ақ Нұржан «бизон» Ақышев (15-4) келесі кездесуін өткізеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 52 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink