Сан-Марино құрамасының шабуылшысы Никола Нанни Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанға қарсы матч туралы пікірін айтты.

– Элиа, матч туралы ойыңызды айтсаңыз

– Біз үшін өте қиын ойын болды. Қазақстан сияқты командаларға төтеп беру қиын. Дегенмен мен өз командамды мақтан тұтамын.

– Сіздің ойыңызша, жеңіске жету үшін не жетіспеді?

– Ойынға 1:2 есебімен оралдық, бірақ есепті теңестіруге күшіміз жетпей қалды. Сонда да жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймын.

– Белгіленген пенальтимен келісесіз бе?

– Білмеймін, өйткені мен бұл сәтті көрмедім.

– Жеңіліске қарамастан, гол соқтыңыздар. Сан-Марино футбол федерациясынан ақшалай бонустар болады ма?

– Пікір білдіре алмаймын.

– Келесі ойын Финляндияға қарсы болады. Матчтан не күтесіз?

– Бізді қиын кездесу күтіп тұр деп айта аламын. Сан-Мариноға оралғаннан кейін біз мұқият талдап, дайындаламыз.

– Менің білуімше, сіз қазір С Сериясындағы клубта өнер көрсетесіз. Қазақстаннан ұсыныстар түссе, оларды қарастыруға дайынсыз ба?

– Білесің бе, біз бұл өмірде барды бағалай білуіміз керек.

Фото: Jonathan Moscrop