Transfermarkt порталы жарақатына немесе бапкердің басқа ойыншы таңдауына байланысты алдағы халықаралық матчтарға қатыспайтын ең қымбат футболшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

11 адамнан тұратын команданың жалпы құны 845 миллион еуроны құрады. Интернет-портал бұл команда үшін 3-5-2 схемасын таңдады.

Қақпашы: Тибо Куртуа (Бельгия, € 45 млн).

Қорғаушылар: Эдер Милитао (Бразилия, € 70 млн), Маттейс де Лигт (Нидерланды, € 70 млн), Лисандро Мартинес (Аргентина, € 50 млн).

Жартылай қорғаушылар: Орельен Тчуамени (Франция, € 90 млн), Педри (Испания, € 100 млн), Джеймс Мэддисон (Англия, € 70 млн), Джамал Мусиала (Германия, € 110 млн), Рафаэл Леау (Португалия, € 90 млн).

Шабуылшылар: Александер Исак (Швеция, € 70 млн), Кристофер Нкунку (Франция, € 80 млн).