Сан-Марино құрамасының қақпашысы Элия Бенедеттини Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанға қарсы ойын туралы пікір білдірді.

– Элиа, матч туралы ойыңызды айтсаңыз

– Қиын ойын болғанымен, біз үшін жақсы матч болды. Біз команда болып жақсы өнер көрсеттік. Менің ойымша, біз Данияға қарсы ойынымызды көрсеттік. Екі голды да жеке шеберлікпен соқты.

– Белгіленген пенальтимен келісесіз бе?

- Басында олардың жартылай қорғаушысы біздің қорғаушыларға тиіп кетті деп ойладым, бірақ кейін олар маған түсіндіріп айтты. Сондықтан, иә, пенальти болды.

– Жеңіліске қарамастан, гол соқтыңыздар. Сан-Марино футбол федерациясынан ақшалай бонустар болады ма?

– Жоқ.

– Келесі ойын Финляндияға қарсы болады. Матчтан не күтесіз?

– Біз Еуро-2024 іріктеу кезеңін жалғастырып жатқан Дания мен Қазақстанның жақсы көрсеткіштерінен хабардар болып бара жатырмыз. Әрине, бізді жеңген жақсы қарсыласқа қарсы ойын күтіп тұр. Біз бұл циклді жақсы нотада аяқтауға бар күшімізді саламыз.

Фото: ФФС