«Милан» «Лилль» шабуылшысы Джонатан Давидке көз тігіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фабрицио Романоның мәліметінше, 23 жастағы Давид «Миланның» келесі жылғы трансферлік мақсаты. Алайда трансфер құнына және канадалықтың «Лилльмен» келісімшартының аяқталуына бір жыл қалғанына байланысты оны тек жазғы маусымда ғана сатып алуға болады.

Осы маусымда Джонатан Дэвид «Лилль» сапында 16 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.