Қазақстан құрамасының мен «Химки» клубының қорғаушысы Лев Скворцовтың агенті Дмитрий Селюк футболшыға басқа клубтар қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір Лёва ұлттық құрамада, ол жерден болашақ Еуропа чемпионатының қатысушысы ретінде оралуы мүмкін, бұл тамаша. «Химкидегі»,болашағына келетін болсақ, әлі ештеңе шешілген жоқ. Басқа клубтардан қоңыраулар бар, бірақ не болатынын көреміз. Әзірге ол «Химки» ойыншысы», - деп келтіреді Селюктің сөзін «РБ Спорт».

Осы маусымда Лев Скворцов «Химки» сапында барлық ресми турнирде 14 матчқа қатысып, бір гол соқты. Қорғаушының клубпен қазіргі келісімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Беделді Transfermarkt интернет-порталының мәліметі бойынша, футболшының құны 350 мың еуроны құрайды.