Бүгін Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 52 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz

Кеште Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Бразилия, Тәжікстан және Әзербайжан спортшылары қатысатын 15 жекпе-жек өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.

Негізгі жекпе-жекте қазақстандық UFC-ге үміткер файтер Бекзат Алмахан (16-1) 29 жастағы бразилиялық Ян Ферразбен (15-5) кездеседі. Бұл жекпе-жекті әлемнің ең үздік лигасының матчмейкерлері бақылайды.

Дамир «қазақ сехудосы» Төленов (10-1) кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін бразилиялық Эдсон Амориммен (9-4-1) кездеседі. Сондай-ақ Нұржан «бизон» Ақышев (15-4) келесі кездесуін өткізеді.

Турнирдің толық карды:

Бір күн бұрын қызықты Face to Face рәсімі өтті:

Турнирдің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады, оны Еуразиялық жекпе-жек лигасының ресми ютуб-арнасы OCTAGON TV-дан көруге болады.

OCTAGON 52 ивентіне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 52 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink