Украиналық файтер Ярослав Амосов ямайкалық Джейсон Джексоннан ерте жеңіліп, Bellator чемпиондық атағын екінші рет қорғай алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чикагода өткен ұйымның 301-турнирінің басты жекпе-жегінде Амосов үшінші раундта нокаутпен жеңілді.
Украина өкілі үшін бұл мансабындағы алғашқы жеңіліс, оған дейін 27 жеңіске жеткен. Жаңа чемпион Джексонның кәсіпқой рекорды - 17 жеңіс, төрт жеңіліс.
Комментарии