Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Сан-Марино құрамасын жеңгені (3:1) және кездесу соңында орындалған пенальти туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жеңгенімізге қуаныштымын. Сан-Мариноға қарсы ойын оңай болмайтынын білдік. Ал пенальтиге келетін болсақ, әдетте Асхат Тағыберген немесе Бактиер Зайнутдиновты орындайтын. Өкінішке орай, олар бүгін болмады. Сондықтан мен тәуекел етуді жөн көрдім», - деді Айымбетов.