«Эвертон» қаржылық фэр-плей ережесін бұзғаны үшін 10 ұпайдан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі АПЛ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіз комиссия тергеу барысында клубтың бірнеше маусымдағы шығыны 124,5 миллион фунт стерлингті құрағанын анықтады.

«Эвертон» апелляциялық шағым беретінін мәлімдеді.