Италиялық «Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Петр Зелиньски болашаққа жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Наполимен» келісімшартты ұзарту бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Сауд Арабиясынан жазғы ұсыныс па? Өмірдің мәні ақша емес», - деп келтіреді Зелиньскидің сөзін Николо Скира.

Осы маусымда Петр Зелиньски «Наполи» сапында 16 матч өткізіп, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.