Кәсіпқой бокс кеші 17 қараша күні Ташкенттегі «Humo Arena-да» өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеште жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы чилилік боксшы Хулио Аламос (16-1, 9 КО) болады.

Бастапқыда Мейірім неміс Винсент Фейгенбуцпен (36-3, 32 КО) кездесуі керек еді, бірақ жарақатына байланысты германиялық боксшы жекпе-жектен бас тартты.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов Boxrec.com сайтының нұсқасы бойынша қазіргі таңда Қазақстанның ең үздік боксшысы - ол өз отандастары арасында pound-for-pound рейтингінде көш бастап тұр.

Бокс кеші Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясын liftpromotions.uz арнасынан көруге болады.