Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тағы екі құрама шықты.

Олар – Мажарстан мен Словакия ұлттық командалары.

Бұған дейін Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия мен Аустрия жолдама алған болатын. Германия ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз қатысады.

Қазақстан құрамасының да Еуро-2024 чемпионатына шығуға мүмкіндігі бар. Бүгін өз алаңында Сан-Сариномен, соңғы турда Словениямен сырт алаңда кездеседі.