Алты салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы, аты аңызға айналған филиппиндік Мэнни Пакьяо әлеуметтік желіде екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы ирландиялық UFC чемпионы Конор МакГрегормен және ауыр салмақтағы америкалық бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсонмен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

2021 жылы тамызда өткен кейінгі жекпе-жегінде Пакьяо төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен кубалық Йорденис Угастан жеңіліп, жартылай орта салмақтағы WBA (Super) титулынан (66,7 келіге дейін) айырылып қалған болатын. Жекпе-жек кезінде 42 жастағы филиппиндік спортшы осы дивизион тарихындағы ең егде чемпион болған.