Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Швецияның Дандерид қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшының 1/8 финалдағы қарсыласы америкалық Брэндон Накашима болды. Матч 6:4, 6:2 жалпы есебімен Накашиманың пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 36 минутқа созылды.