Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада 63,5 келі салмақта бірінші нөмірлі боксшы саналған, Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокстан қыркүйек айында келген 28 жастағы Жандос Қыдыралиевке 3 раундта да еш қарсылық көрсете алмай, жарысты аяқтады.

«Қыркүйек айында Шоқыр Бөлтекұлын еске алу турнирінде 71 келіде өнер көрсетіп, өзімді өте жақсы сезіндім. Алайда Ертуған Зейнуллинов лицензия алмаған соң, қайта Олимпиадаға баруды жоспарладым. Салмақты көп қуатыным бұл айқасқа да өз кедергісін келтірді. Қарсыласыммен де алғашқы рет жолықтым. Дегенмен, әлі Париж Олимпиадасына деген үмітім зор» - деп өз пікірін білдірді Санатәлі Төлтаев.