Еуразиялық жекпе-жек лигасы ресми Instagram парақшасында OCTAGON 53 турнирінің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Сүндет Айтқұл (6-1) мен бразилиялық Клаудеси Брито (9-2) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы ұйымның жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы болады.

Бразилиялық файтер ұйымдағы алғашқы жекпе-жегін OCTAGON 50 турнирінде өткізіп, «қазақ сехудосы» Дамир Төленовті (10-1) мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты.

Айта кетейік, 18 қарашада Алматыда OCTAGON 52 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.

OCTAGON 52 ивентіне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 52 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink