16 қараша Паола қаласында футболдан жастар арасындағы (21 жасқа дейінгі) ЕУРО-2025 іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы мен Мальта кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мальта — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы астана уақытымен сағат 23:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Мальтадан бөлек Испания, Бельгия, Шотландия және Венгрия құрамасымен бірге «В» тобында бақ сынап жатыр.