Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан жеңіл салмақта «Наше Дело» халықаралық Гран-приінің жартылай финалында отандасы Нәби Ашурлаевқа қарсы жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Наше Дело» промоушнының баспасөз қызметі хабарлағандай, Әкімжан жарақатына байланысты жекпе-жекке қатыса алмайды. Оның орнына ресейлік Сергей Андреев келеді.

Наби Ашурлаев пен Сергей Андреев арасындағы жекпе-жек 22 қарашада «Наше Дело» турнирінде өтеді. Жеңімпаз финалда Артур Арутюнянмен кездеседі.

Жеңіл салмақтағы халықаралық Гран-придің жүлде қоры 5 миллион рубльді құрайды.