Аралас жекпе-жектен 15 жастағы үміткер Адам Қадыров 1-дәрежелі «Ислам дініне сіңірген еңбегі үшін» орденінің иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Шешенстанның Ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев айтты. Адам Қадыров - Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы.
«Орден Исламды нығайтуға және оның құндылықтарын қорғауға қосқан елеулі жеке үлесі үшін берілді!» — деп жазды Дудаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Адамға Шешен Республикасының Батыры атағы берілген. Ол сондай-ақ Татарстанның мемлекеттік наградасы «Дуслық» орденін иеленсе, Қарашай-Черкестің ең жоғары наградасы – Адам «Құрмет белгісі» орденін алды. Сонымен қатар, ол жақында 1-дәрежелі «Үмметке сіңірген еңбегі үшін» орденінің иегері атанып, Кабардин-Балқар Республикасына сіңірген еңбегі үшін орден алды.
Комментарии