«Тобыл» басшылығы клубтың бас директоры Андрей Канчельскиспен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Metaratings.ru сайтының хабарлауынша, келісім-шартты бұзуға клубтың ортақ иесі Әлімжан Қалдияровпен жанжал себеп болған.

54 жастағы маман «Тобылдың» бас директоры қызметін 2023 жылдың шілде айынан бері атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік кәсіпқой футболшы болғандықтан, «Динамо» (Киев), «Фиорентина», «Рейнджерс», «Манчестер Юнайтед» және т.б. клубтарда ойнаған.