Жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша чемпион ресейлік Дмитрий Бивол 23 желтоқсанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) ұлыбританиялық Линдон Артурға қарсы жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Матч ТВ сайтына сілтеме жасап.

ESPN мәліметінше, бұл жекпе-жек андеркардта өтеді. Сондай-ақ бұл кеште ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпиондары ұлыбританиялық Энтони Джошуа мен америкалық Деонтей Уайлдер өнер көрсетеді. Джошуаның қарсыласы швециялық Отто Уоллин, ал Уайлдердің қарсыласы жаңа зеландиялық Джозеф Паркер болады.

32 жастағы WBA чемпионы Биволдың кәсіпқой рингте 21 жеңісі бар (11-і нокаутпен). Былтыр ресейлік боксшы екі рет белбеуін қорғап, мексикалық Сауль Альварес (мамырда) мен Гилберто Рамирес (қарашада) жеңіп, WBA нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанған болатын. Артур 32 жаста, оның 23 жеңісі мен бір жеңілісі бар.

Фото: Francois Nel / Staff / Getty Images Sport / Gettyimages.ru