УЕФА өзінің сайтында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ресми добын көрсетті. Оған FUSSBALLLIEBE (неміс тілінен аударғанда — «Футболға деген махаббат») деген атау берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде алғаш рет Connected Ball технологиясы қолданылады, оған доптың қозғалысын түсінуге және VAR жүйесі арқылы шешім қабылдауға көмектеседі.