«Қызылжардың» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов Түркияға кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжірибелі футболшы мен түрік клубтары арасында келіссөздер басталып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Тапаловқа жақында ғана Премьер-лигаға шыққан Семейдің «Елимайы» командасынан қызығушылық танытқаны туралы ақпарат бұрынырақ жарияланған болатын.