«Майнц» клубының бұрынғы вингері Анвар Эль Гази әлеуметтік желіде Палестинаны қолдайтын пікірлері мен жазбаларынан кейін неміс клубын келісімшартты бұзғаны үшін сотқа берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мароккодан шыққан 28 жастағы голландиялық азамат Майнцтың еңбек сотына шағымданды.

Футболшының мүддесін заңгер Александр Бергвайлер қорғайды.

Сот осы жылы басталуы мүмкін.

Эль-Гази Майнцпен келісім-шартын толық орындаған жағдайда 2,5 миллион еуро алатын еді.