«Қызылжардың» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов Түркияға кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің айтуынша, тәжірибелі футболшы мен түрік клубтары арасында келіссөздер жүріп жатыр.

Айта кетейік, Тапаловқа жақында ғана Премьер-лигаға шыққан Семейдің «Елімай» командасынан қызығушылық танытқаны туралы ақпарат жарияланған болатын.