Жеңіл салмақта OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Дамир Төленов кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жеңіліс бізді күштірек етеді. Мен бір қадам артқа шегіндім, бірақ өзімді кінәлаймын, қарсыласыма соңына дейін қарамадым. Мен жеңіліске тоқталмаймын, әрі қарай жүремін», - деді Төленов лиганың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Төленов OCTAGON 50 турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде күтпеген жерден бразилиялық Клаудесси Бритодан (9-2) мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.