Грузия жастар құрамасының бас бапкері Рамаз Сванадзе «Жеңістің» бас бапкері қызметіне үміткер ретінде қаралып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сванадзе бапкерлік мансабын 2013 жылы Тбилиси «Динамосының» бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастады.

2019 жылы Грузияның 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамасын басқарды және оның жетекшілігінде 13 матч өткізді. 2021 жылы Сванадзе Грузия жастар құрамасын басқарды.

Айта кетейік, бұған дейін «Жеңістің» бұрынғы бапкері Ринат Алюетов қызметінен кетті.